ММА

Мұратбек Қасымбай: Төрешілер жеңіске қалайша оған берді?

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай Мәскеуде (Ресей) өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде жеңіліп қалды.

Оның қарсыласы «парсы дағыстандық» лақап атымен танымал иран спортшысы Мұхаммед Хейбати (2-0) болды. Хейбати төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Жекпе-жектен соң Мұратбек Қасымбай төрешілердің шешімімен келіспейтінін мәлімдеді:

«Бәріңіз көрдіңіздер. Түсінбей тұрмын. Жекпе-жекте мен жеңіске жеттім, қалайша төрешілер жеңісті бірауыздан оған берді? Шоу көрсеткім келді. Бұл жекпе-жекте мен жеңіске жеттім деп санаймын», – деді Қасымбай.

Осылайша, Мұхаммед Хейбати кәсіби мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал қазақстандық төртінші жеңіліске ұшырады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер