Бокс

Головкиннің спорттағы арманы қандай

Головкиннің спорттағы арманы қандай
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Камил Шереметамен жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеп.

Спортшының сөзіне сенсек, ол осы айқасты лайықты өткізіп, жеңіске жету үшін бар күшін салады. Өйткені Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жиырма бірінші мәрте қорғайын деп отыр. Ал бұл дегеніміз - осы дивизиондағы рекорд.

«Бұл жекпе-жек — мен үшін бокс тарихында елеулі із қалдыру мүмкіндігі. Мен осы деңгейге жетіп, осындай дәрежеге көтерілгенімді мақтан етемін. Енді маған ұзақ уақыттан бері ешкімнің қолынан келмеген рекордты жаңартатын зор мүмкіндік туып тұр. Жаңа рекорд жасау - әр спортшы үшін үлкен жетістік. Демек, шынымен де арманыма жетуге небәрі бір қадам қалып тұр» деп атап өтті қазақстандық боксшы.

Головкиннің айтуынша, ол өзінің қазір қандай жағдайда екенін жақсы біледі.

«Әрине, мен өзімнің қазіргі жағдайымды түсінемін. Сондықтан осы айқасқа барынша байыппен қарап, зор дайындықпен келіп отырмын. Мен өзімнің бар шеберлігімді салып, жақсы ойын көрсетуге тырысамын. Бұрыннан айтып жүргенімдей, сіздер жұма күні Big Drama Show тамашалайсыздар» деді GGG баспасөз конференциясында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер