ММА

«Оның оралатынына аздап сенімдімін». Дана Уайт Хабибтің UFC-ге оралуы туралы айтты

«Оның оралатынына аздап сенімдімін». Дана Уайт  Хабибтің UFC-ге оралуы туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен болатын кездесу компанияның жоспарына сай келетініне сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz Allboxing-ке сілтеме жасап.

«Менің ойымша, әкесінің (Абдулманап Нурмагомедов - ред.) 30-0 рекордына жетуге деген ұмтылысын ол әлі жадында ұстап жүр жәнеоған қол жеткізгісі келеді. Көрерміз. Мен онымен келесі айда кездесіп, сөйлесемін. Мүмкін ол шынымен оралғысы келмейді. Нақты жауабын білмеймін. Мен оны көндіре алатыныма аздап сенімдімін.

Жоқ, уақытша титул деген болмайды. Мен келесі айда Порье мен Конордың жекпе-жегінен кейін ол қайтып келе ме, бәрін анықтап білемін. Сондықтан бәрі керемет болып жатыр», деді Уайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер