Қазақстандық боксшылар кезекті жекпе-жектеріне дайындалып жатыр. Видео
Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі қазақстандық боксшылардың алдағы бокс кешіне дайындығы туралы видео жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Турнир 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Кеш елорда уақытымен 21:30-да басталады. Бокс кешін «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Кештің басты жекпе-жегінде WBC Asian, WBA International және WBO Global титулдарының иегері Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) өнер көрсетеді деп қосамыз. Супер орта салмақта бақ сынайтын жерлесіміздің қарсыласы - ганалық Иссах Самир (19-0, 16 КО).
Айта кетейік, аталған бокс кешінің бас серіктесі UNO сауда маркасы.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или