Әли Ахмедовтің титулды жекпе-жегінің ресми постері ұсынылды

Әли Ахмедовтің титулды жекпе-жегінің ресми постері ұсынылды

Холливудтағы (Флорида, АҚШ) бокс кешінің ұйымдастырушылары қазақстандық Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) мен эквадорлық Карлос Гонгора (18-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің постерін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшылар IBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. 

<span>Әли Ахмедов пен Карлос Гонгора арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақытымен 19 желтоқсанда таңертең Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салады.</span>

<span> <br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или