Қайрат Ахметов Сингапурге аттанды

Қайрат Ахметов Сингапурге аттанды

Arlan MMA Pro Team намысын қорғайтын қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (23-2) ONE Big Bang турниріне аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда жекпе-жек 4 желтоқсанда өтуі керек болған. Алайда қарсыласының командасынан коронавирус табылған соң айқас кейінге қалды. 

33 жастағы Қайрат Ахметов соңғы рет октогонға өткен жылдың наурыз айында шықты. Биылғы жылдың қазан айында файтер 65 келіге дейінгі салмақта грэпплингтен Арлан Гран-приін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или