Болат Мәнкенов: Шереметамен салыстырғанда Головкиннің деңгейі әлдеқайда жоғары

Болат Мәнкенов: Шереметамен салыстырғанда Головкиннің деңгейі әлдеқайда жоғары

Бокстан жартылай кәсіпқой командасының экс-президенті Arlans Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Али Ахмедовтың алдағы жекпе-жектері туралы ойымен бөлісті.

- Болат Тоқтарұлы, Әли Ахмедов пен эквадорлық Карлос Гонгораның жекпе-жегі туралы не айтасыз?

- Әли - біздің ең жарқын боксшыларымыздың бірі. Мықты бокс мектебінен өткен. Ол қазірдің өзінде тәжірибелі боксшылар қатарында. Ахмедовтың көрсеткіштері де көңіл қуантарлық. Тәжірибе, жастық, техникасы мен тактикасының арқасында ол алдағы жекпе-жекте жеңіске жетеді деп ойлаймын. Әли - өз кәсібіне байыпты қарайтын жігіттердің бірі. Сондықтан мен оған сәттілік тілеймін.

- Камил Шереметамен жекпе-жекте Геннадий Головкиннен қандай өнер күтесіз?

- Бұл жекпе-жекті көптен күткен едік және бұл Головкин үшін өте маңызды. Жекпе-жек ешқандай сыртқы факторларсыз өтеді деп сенемін. Біздің боксшылар қазақстандық жанкүйерлерге қуантады деген үмітім бар. Қос боксшыны салыстыратын болсақ, Головкиннің деңгейі Шереметадан әлдеқайда жоғары. Бірақ, қалай болғанда да, Камил де қарап қалмасы анық. Ол бұл шайқасқа бір жылдан астам уақыт дайындалды. Головкиннің бабы келісіп тұр ма деген сұраққа жауап аламыз. Көпшілік жасы келді деп айтып жүр.

- Шеремета АҚШ-қа коронавируспен ауырған жаттықтырушысы Федор Ляпинсіз ұшып кетті. Бұл Камилға қаншалықты әсер етеді?

- Менің ойымша, ол қолдаусыз қалады деп ойламаймын. Оның айналасында менеджерлер, жаттықтырушылар бар. Оның үстіне, тәжірибесі бар боксшы. Жекпе-жекке бүге-шүгесіне дейін дайындалып, жоспар құрған анық. 

Еске салайық, Әли Ахмедов пен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 18 желтоқсанда Голливудта (Флорида, АҚШ) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или