Артур Бетербиевтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіл болды
WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев 30 қаңтарда Ресейде неміс боксшысы Адам Динеске қарсы жекпе-жекте өз титулдарын қорғайды, деп хабарлайды The Athletic.
35 жастағы Бетербиев алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, келесі жекпе-жегі әртүрлі себептермен бірнеше рет кейінге шегерілген.
Сондай-ақ, басылым келесі жылы бокс жанкүйерлері Бетербиевтің қатысуымен тағы бір жекпе-жек көруіміз мүмкін екенін айтты. 13 ақпанда WBO-ның бос ауыр салмақтағы титулы үшін америкалық кіші Джо Смит пен ресейлік Максим Власов арасында жекпе-жек өтеді және осы жекпе-жектің жеңімпазы Бетербиевпен кездесуі мүмкін, өйткені үш боксшы да америкалық Top Rank промоутерлік компаниясымен ынтымақтастықта.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или