Камил Шеремета: «GGG-мен ұлы шайқасқа 9 күн қалды»
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) орта салмақта IBF және IBO әлемдік титулдарына үміткер польшалық боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) АҚШ-та дайындықтың соңғы кезеңін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
31 жастағы боксшы Америкада алғашқы жаттығуын өткізді. мұны <span>Knockout Boxing Night компаниясының</span> іс жүргізушісі твиттер-аккаунтында: «Камил Шереметаның АҚШ-қа келгеннен кейінгі алғашқы жаттығуы. Тоғыз күннен кейін GGG-мен рингте үлкен шайқас өтеді», - деп жазды.
Еске сала кетелік, Головкин - Шеремета жекпе-жегі 19 желтоқсанда Қазақстан уақытымен таңертең Голливудта (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino-да өтеді.
Фото twitter.com/knockoutprm
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или