Шеремета: Головкинді жеңіп, бәрін таңқалдырамын
Бүгін таңертең поляк боксшысы Камил Шеремета Флоридаға қазақстандық Геннадий Головкинмен 18 желтоқсанда Голливудта (Флорида, АҚШ) өтетін жекпе-жекке ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тағатсыздана күткен жекпе-жек өтеді. Мен дайынмын және рингке шыққан сәтті асыға күтемін. Соңғы уақытқа дейін күмән болды, өйткені менің жаттықтырушыма коронавирус диагнозы қойылды. Мен бұл жекпе-жекке бір жыл дайындалдым, енді сенсация жасауға бел будым. Мен чемпиондық белбеуді Польшаға алып келу үшін бәрін жасаймын», - деді Шеремета RingPolska.pl сайтына АҚШ-қа кетер алдында.
Еске салайық, жақында Шеремет командаластары мен жаттықтырушысы коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Камилдің өзі де бұл ауруы жұқтырып, аман-есен емделгенін айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или