Даниял Сәбит: Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын
Батыс Қазақстандық Даниал Сәбит быилығ біріншіліктің басты жұлдызына айналды. Ересектер арасындағы байрақты бәсекеге бірінші рет қатысқан ол Шымкент шаршы алаңына шыққан ең жас боксшы атанды. Сондай-ақ, финалда өзінің кумирімен жұдырық түйістіріп, топ жарды.
"Қазақстан чемпионаты басталғанша жастар арасындағы оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Ең негізгі мақсатым - біріншілікте жүлдеге ілігу болатын. Чемпион боламын деп ойлаған жоқпын. Қуанышқа қарай, ақтық сында өте тәжірибелі спортшы Теміртас Жүсіповті жеңіп кеттім. Қуанышымда шек жоқ. Бапкерлердің нұсқауын орындау арқылы ұттым деп ойлаймын. Өйткені, қарсыласым қарымды әрі жасы да үлкен. Ара қашықтықты жақсы сезінеді. Бала кезімде өзімнің кумирім болған боксшы. Сондықтан, қазіргі сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Осы орайда, маған қолдау білдірген барша жанкүйерге, тума-туыстарыма және осы жарысқа жетелеп әкелген бапкерлеріме ерекше алғыс айтамын", - дейді Сәбит.