Suleimen Promotions бокс кешінде кімдер жұдырықтасады?

Suleimen Promotions бокс кешінде кімдер жұдырықтасады?

16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Данила Семенов (1-0, 1 KO) алдағы бокс кешінің кардын ашады. Семеновтың қарсыласы ганалық Авраам Табул (17-4-1, 14 КО) болады.

Одан кейін рингке Евгений Павлов (2-0, 2 КО) , көтеріледі. Ол да Гананың тағы бір өкілі - Али Лаурелмен (18-4-1, 11 КО) қолғап түйістіреді.

Турнирдің үшінші жекпе-жегінде әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1 KO) өнер көрсетеді. Талантты боксшымыз Кабиру Товолавимен (13-2, 10 КО) шеберлік сынасады.

Турнирдің екінші маңызды жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (2-0, 2 КО) ганалық тәжірибелі Эммануэль Дансомен (32-5, 26 КО) жұдырықтасады. 

Алдағы кештің басты жекпе-жегінде супер орта салмақта WBC Asian, WBA International және WBO Global чемпионы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы - ганалық Исах Самир (19-0, 16 КО).

Suleimen Promotions бокс кешінің тікелей эфирін Хабар телеарнасынан көруге болады. SP бокс кешінің бас серіктесі «Теплоинвест-Азия» ЖШС екенін айта кетейік.

Естеріңізге сала кетейік, UNO сауда маркасы - Нұр-Сұлтанда өтетін Suleimen Promotions бокс кешінің бас серіктесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или