Мэнни Пакьяо 2021 жылы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Мэнни Пакьяо 2021 жылы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Yahoo Sports журналисі Кевин Иол жартылай орта салмақта «супер чемпион» WBA (66,7 келіге дейін) өкілі, филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) кіші Эррол Спенспен (27-0-0, 21 KO) жұдырықтасқысы келетін мәлімдеді.

«Жаңа ғана MP Promotions компаниясының Шон Гиббонсымен сөйлестім. Ол Пакьяо Эррол Спенстің өнеріне тәнті болғанын айтты. Ол сонымен қатар 2021 жылы өнер көрсетіп, Спенспен жекпе-жек өткізуге әлі де ынтасы бар екенін айтты», - деп жазды Иол өзінің Twitter-де.

Спенстің өзі Пакьяомен жекпе-жек өткізгісі келетіндігін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или