«Барселона» соңғы 33 жылда бірінші рет клубтық антирекорд орнатты
«Барселона» соңғы 33 жылда бірінші рет Испания чемпионатында клубтық антирекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталониялық клуб алғашқы 10 турда 14 ұпай ғана жинады. Бұл 1987/88 маусымынан кейінгі ең нашар нәтиже саналады. Ол кезде «Барселона» 10 матчта 13 ұпай жинаған.
Еске сала кетелік, «Барселона» Ла Лига турнирі кестесінде жетінші орында тұр. Топ басындағы «Атлетикодан» 12 ұпай қалып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или