«Шахтер» ҚПЛ-да 900 матч өткізген алғашқы клуб атанды

«Шахтер» ҚПЛ-да 900 матч өткізген алғашқы клуб атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Шахтер» Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында 900 матч өткізген алғашқы клуб атанды, деп жазады Prosports.kz.

2020 жылығы ел чемпионатының соңғы турындағы «Тобылға» қарсы ойын (1:0) «Шахтер» үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы 900-матч болды.

Бұл кездесулерде «кеншілер» 380 жеңіске жетіп, 215 кездесу тең тарқасты және 305 ойында жеңіліске ұшырады.

Биылғы маусымға дейін ел чемпионатында ең көп матч өткізген команда павлодарлық «Ертіс» болатын. Ал Қазақстан біріншілігінде ең аз ойын өткізген команда - «Каспий». Ақтаулықтардың еншісінде 196 матч ғана бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер