«Канело»: Головкин менімен жекпе-жек өткізген соң ғана мансабын аяқтағысы келеді

«Канело»: Головкин менімен жекпе-жек өткізген соң ғана мансабын аяқтағысы келеді

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

«Головкин өткізгісі келетін жалғыз жекпе-жегі «Канелоға» қарсы екенін білесіздер ме? Бұл айқастан соң ол мансабын аяқтайтын шығар.

Пандемия басталмай тұрып үшінші жекпе-жекті биыл өткізу туралы келіссөз жүргіздік. Алайда кейін бәрі тоқтап қалды.

Қазір мақсатым өзгерді. Каллум Смитке қарсы жұдырықтасып, екінші орта салмақтағы барлық титулды біріктіріп, тарихта қалғым келеді. Ал Головкин туралы кейінірек сөйлесеміз», – деді Альварес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или