ММА

Қазақстандық файтер Мәскеудегі жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Мәскеудегі жекпе-жегінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Азамат Марқабаев (7-3) EFC 30 турнирінде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Мәскеуде өткен аралас жекпе-жек кешінде Азамат Марқабаев жергілікті спортшы Селем Евлоевтен (4-3) басым түсті. Ол екінші раундта қарсыласының қолына ауырту әдісін жасап жеңді.

Айта кетейік, Азамат Марқабаев биыл үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бұған дейін ол GFC мен FNG біріккен турнирінде Никита Балтабаевқа төрешілердің шешімімен есе жіберді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер