Орта салмақ монстры: DAZN Головкин туралы жаңа промо-ролик жариялады

Орта салмақ монстры: DAZN Головкин туралы жаңа промо-ролик жариялады

DAZN стриминг сервисі IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1,35КО) келесі жекпе-жегіне арнап жаңа промо-ролик дайындады.

Промо-ролик DAZN стриминг сервисінің Instagram парақшасында жариаланды.

«Орта салмақ монстры, GGG бір минуттың ішінде» деп жазды стриминг сервис.

Видеода қазақстандық боксшының рингтегі жарқын сәттері көрсетіліп, танымал комментаторлар мен бокс сарапшыларының мақтау сөздерінен үзінді келтірілген.

Айта кетейік, IBFжәне IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда IBF титулының міндетті қарсыласы поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді. Сондай-ақ, бокс кешінің андеркартында Ахмедов бастаған 6 жұп өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или