Елдос Ахметов карьерасын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін
Қызылордалық «Қайсардың» қорғаушысы Елдос Ахметов карьерасын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
30 жастағы ойыншыға ҚПЛ-ға оралған «мұнайшылар» ұсыныс жасады. Ахметовтің өзі әлі шешім қабылдаған жоқ және басқа нұсқаларды да қарастыруға ниетті.
Өткен маусымда Ахметов «Қайсардың» бас бапкері Стойхо Младеновтің сенімінен шыға аймай, ҚПЛ-де тек үш кездесу өткізген болатын. Соған қарамастан, Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы қорғаушыны үнемі кеңейтілген тізімге енгізіп отырған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или