Бокс

Қадыров Рой Джонс - Майк Тайсон арасында реванш-айқас ұйымдастырғысы келеді

Қадыров Рой Джонс - Майк Тайсон арасында реванш-айқас ұйымдастырғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров кіші Рой Джонс пен Майк Тайсон арасында тағы бір жекпе-жек өткізгуе дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аңызға айналған боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы көптен күткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Екі спортшы да жас нақты шеберлік пен кәсіби шеберлікке кедергі емес екенін айқын көрсетті.

Майк Тайсон мен Рой Джонс мансабын көптеген жылдар бұрын аяқтағанына қарамастан, олардың рингтегі жекпе-жегі өте тартысты болды. Біз бокс жанкүйерлері сол жекпе-жектерді сағынамыз. Екі керемет боксшы біздің үмітімізді толықтай ақтады.

Шындығында, олардың рингтегі кездесуі жеңімпазды анықтамағанына қуаныштымын. Бұл әділ нәтиже. Мен Тайсонның бокстасу тәсілін әрқашан жақсы көретінмін. Мұхаммед Алиден кейін теңдесі жоқ Майк менің бокстағы екінші сүйікті спортшым болды.

Джонспен болған жекпе-жек Тайсонның керемет физикалық форманы сақтағанын және өзіне тән болып келген жоғары жекпе-жек дағдыларын жоғалтпағанын көрсетті. Майк бауырымызға Джонспен тағы бір жекпе-жек қажет. Біз оны Грозныйда ұйымдастыруға дайынбыз», - деп жазды Қадыров Instagram парағында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер