ММА

Филиппиндік файтер өзін Қайрат Ахметовтен мықты санайтынын айтты

Филиппиндік файтер өзін Қайрат Ахметовтен мықты санайтынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Филиппиндік файтер Дэнни Кингад (14-2) қарсыласы қазақстандық Қайрат Ахметовтен (23-2) мықты екенін айтты.

«Жан-жақтылығы – оның басты қаруы. Ол тек жақсы күресіп қоймай, жойқын соққысын да дарыта алады. Бірақ мен өзімді одан барлық жағынан мықты санаймын. Өзімнің шеберлігімді мақтан етемін. Мені мықты командам қолдайды. Бұл жекпе-жекке тыңбай дайындалдық.

Отбасым үшін, жанкүйерлерім мен филиппин елі үшін жеңіске жеткім келеді», – деді спортшы Mаnilla Standard басылымына берген сұқбатында. Бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов 4 желтоқсанда өтетін ONE Big Bang турнирінде өнер көрсетеді. Жекпе-жек кеші Сингапурдегі танымал Indoor Stadium аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер