Беларусь маманы «Ақтөбені» жаттықтырмайды

Беларусь маманы «Ақтөбені» жаттықтырмайды

«Ақтөбенің» тізгініне үміткер беларусь маманы Алексей Бага «Жальгиристегі» қызметін жалғастырады. Бұл туралы журналист Владислав Татур телеграм-каналында жазды.

«Жальгиристі» Литва чемпионы атағына жеткізген маманның қазіргі командамен келісімшарты тағы бір жылға жалғасады.

Айта кетейік, «Ақтөбе» өткен жылы Бірінші лигаға түсіп қалған. Ал биыл Премьер-лигаға қайта жолдама алды. Клуб менеджерлері келесі маусымда турнирлік кестенің ортасынан орын алу міндетін қойып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или