Бекзад Нұрдәулетов: Кәсіпқой бокс спорттық формамды сақтауыма септігін тигізді

Бекзад Нұрдәулетов: Кәсіпқой бокс спорттық формамды сақтауыма септігін тигізді

Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шықты. Ширек финалды жеңіспен аяқтаған ол ҰОК сайтына жарыс туралы пікір білдірді.

«Ширек финалда атыраулық боксшымен кездестім. Шыны керек, екеуміз де бірінші рет кездесіп отырмыз. Бапкерлердің қойған тактикасының арқасында бүгін жеңіске жеттім.

Жартылай финалға да бапкерлермен ақылдаса отырып, жекпе-жек тактикасын ойластырып, жоспар құрамыз.

Осыдан бір ай бұрын кәсіпқой бокста бақ сынадық. Бапкерлермен кеңесе, осындай шешімге келген болатынбыз. Бұл менің формамды сақтауыма септігін тигізді.

Негізі кәсіпқой боксқа Олимпиада ойындарына дайындық ретінде қатыстық. Егер алдағы уақытта Олимпиадаға дайындыққа оң әсерін тигізетін болса, тағы да байқап көреміз», - дейді Бекзад Нұрдәулетов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или