Данияр Елеусінов: Индонгоны нокаутпен жеңуім керек

Данияр Елеусінов: Индонгоны нокаутпен жеңуім керек

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) өтетін жекпе-жекте жеңіске ертерек жету мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz Тhe Ring-ке сілтеме жасап.

«Асықпау керек, себебі қателікке ұрынып қаласың. Сондықтан, алғашқы раундтарда мейлінше жұдырықтасу керек. Мен жақсы нәтижеге жетуге тырысамын (нокаутпен жеңемін - ред.). Бұл бокс, мен алдымен қарсыластың әлеуетін байқауым керек», - деді Елеусінов.

Айта кету керек, Джулиус Индонго соңғы жекпе-жектерін Теренс Кроуфорд және Реджис Прогрейске қарсы өткізіп, екеуінен де нокаутпен жеңіліп қалды. 

Еске сала кетейік, Елеусінов - Индонго жекпе-жегі 28 қарашада Голливудта (Флорида, АҚШ) Қазақстан уақытымен таңертең  өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или