Шеремета: Орта салмақта чемпион атанған тұңғыш поляк боксшысы боламын

Шеремета: Орта салмақта чемпион атанған тұңғыш поляк боксшысы боламын

18 желтоқсан күні АҚШ-та шаршы алаңға Геннадий Головкин мен Камил Шеремета шығады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жекпе-жекте қазақстандық боксшыға тиесілі орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі бәске тігіледі. Камил Шеремета жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады.

«Польша титулды алып келсем деймін. Головкин – ұлы чемпион, бокс тарихындағы үздіктердің бірі. Бірақ оның уақыты келді. Тағдырға осындай мүмкіндік бергені үшін алғысымды айтамын. Орта салмақта әлем чемпионы атанған тұңғыш поляк боксшысы болғым келеді», – дейді Шеремета.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или