Баударбеков - ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы

Баударбеков - ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы

26 қарашада ауыр атлетикадан ерлер арасында 89 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл салмақта жалпы есепте 344 келіні көтерген (149+195) Қостанай облысының спортшысы Ренат Баударбеков чемпион атанды.

Қызылорда облысының атынан шыққан Жақанша Арыстанбек 342 келімен (148+194) екінші орынды жеңіп алды. Михаил Макеев (Қостанай облысы) үздік үштікті түйіндеді. Ол 315 келіні (140+175) көтерді.

Сондай-ақ, бүгін қыздар арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті. Командалық есеп:

1. Алматы облысы (446 балл)<br />2. Қызылорда облысы (228 балл)<br />3. ШҚО (214 балл).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или