ФИФА рейтингісі: Қазақстан құрамасы үш саты төмендеді
Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 122-орынға (1142 ұпай) жайғасып, өткен аймен салыстырғанда үш саты төмендеді.
Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1780 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Франция (1755 ұпай) мен Бразилия (1743 ұпай) жайғасқан.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы айда үш матч өткізді. Алдымен 11 қазанда Черногориямен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең тарқасты. Ал Ұлттар лигасы аясында 15 қарашада Албаниядан сырт алаңда 3:1 есебімен жеңілді. 3 күннен кейін Алматыда Литваға тағы есе жіберді. Есеп - 1:2.
ФИФА рейтингісі, 26 қараша:
1. Бельгия – 1780 ұпай;
2. Франция – 1755;
3. Бразилия – 1743;
4. Англия – 1670;
5. Португалия – 1662;
6. Испания – 1645;
7. Аргентина – 1642;
8. Уругвай – 1639;
9. Мексика – 1632;
10. Италия – 1625;
...
122. Қазақстан<span> </span>– 1142.