Сергей Морозовтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы кім?

Сергей Морозовтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы кім?

Еліміздің бетке ұстар файтерінің бірі Сергей Морозов әлемдегі ең беделді UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін өткізуге дайындап жатыр. Ол Абу-Дабиде өтетін UFC-дің 257 турнирінде сегізбұрышқа шығады. 

Жыл басында UFC-мен келісімшартқа отырған Сергей Морозовтың қарсыласы ресейлік спортшы Умар Нурмагомедов болатыны жайлы ресми хабарланды. Тегінен-ақ бұл жігіттің Дағыстаннан шыққан чемпион Хабиб Нурмагомедовтің туысы екенін аңғаруға болады. Prosports.kz қазақстандық файтердің UFC-дегі алғашқы қарсыласы жайлы бірер ақпаратты беруді жөн көрді. 

* Қәсіпқой MMA-ге бет бұрмай тұрып Умар Нурмагомедов аралас жекпе-жекпен шұғылданып, тіпті, Ресейдің чемпионы атанған. Оған қоса Тай спортынан Дағыстан біріншілігінде топ жарып, әскери самбодан әлемнің үздігі болған. 

* 2016 жылы Умар Нурмагомедов кәсіпқой ММА спортында бағын сынауды жөн көреді. Мансабында WMMAA, Samara MMA, PFL, GFC және Fight Nights Global ұйымдары турнирлерінде жекпе-жек өткізген. 

* Умар – UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі. Ол да Хабиб секілді Абдулманап Нурмагомедовтің қол астында жаттыққан.

* Хабиб Нурмагомедов басқаратын  Gorilla Fighting Championship промоушенінде екі жекпе-жек өткізіп, аса жеңіл салмақта чемпион атанған. 

* Жеңіліс дәмін татпаған спортшының соққылары жойқын. Қарсыластары оның аяғынан сескенетін болған. Ағасы Хабиб секілді грэпплингке аса мән бермейді, көбіне сегізбұрышта жүріп төбелескенді ұнатады. 

* Кейінгі жекпе-жек өткен жылы өткізіп, GFC чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ол Аргентина өкілі Брайан Гонсалесті алғашқы раундта-ақ жер жастандырған. 

* Хабиб Нурмагомедов інісі жайлы жылы сөздер көп айтады. Бірде ол Умар жайлы былай деген: «Ол нәтиже көрсете алатын спортшы. Оған қабілеті жетеді де. Тек нәтижені іспен көрсетіп, әлемнің үздік атлетінің бірі болуды дәлелдеу қажет.

* Умар биыл Сергей Морозовпен қатар UFC-мен келісімшартқа отырды. Дебютін өткізуді күтіп отыр.

* UFC 254 Умар ағасы Хабибпен қатар жекпе-жек өткізеді. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық спортшы Дастин Гэтжиге қарсы жекпе-жекте титулын қорғамақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или