Жұмағұловтың екінші жекпе-жегі кейінге қалды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-4) UFC-дегі екінші жекпе-жегі жайлы жағымсыз ақпарат тарады, деп жазады Prosports.kz.
«Жалғас Жұмағұловтың Амир Альбази қарсы жекпе-жегі 28 қарашада өтпейді. Жалғас консулдықтан паспортын әлі алған жоқ.
Жекпе-жек 12 желтоқсанға ауыстырылуы мүмкін», - деп жазды ТАСС журналисі Игорь Лазорин Instagram парақшасында.
Айта кетейік, жерлесіміз 28 қарашада өтетін UFC Fight Night 184 турнирінде өнер көрсетуі керек еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или