Мендеш: Роналду «Ювентуста» қалады
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду «Ювентус» клубынан кетпейді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы оның агенті Хорхе Мендеш мәлімдеді. Оның айтуынша, Роналду келісімшарт мерзімі аяқталмайынша туриндік клубтан кетпейді.
- Криштиану кем дегенде келісімшарт мерзімі аяқталғанша <span>«Ювентустан» кетпейді. Ол мұнда әлі де көптеген рекордтарды жаңартады. Ол команданың жаңа бапкерінің сеніміне ие. Оның үстіне, тамаша өнер көрсетіп жүр. Ол өзін Туринде бақытты сезінеді, - деді Мендеш. </span>
<span>Айта кетейік, Роналдудың «Ювентуспен» қазіргі келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды. Ол биылғы маусымда 6 ойынға қатысып, 8 гол соқты. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или