ММА

Жалғас Жұмағұловтың кезекті қарсыласы ТОР 15 рейтингіне енді

Жалғас Жұмағұловтың кезекті қарсыласы ТОР 15 рейтингіне енді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың кезекті қарсыласы - швециялық Амир Альбази UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесі бойынша ТОР 15 рейтингіне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол осы уақытқа дейін дивизион үздіктері тізімінде болмағанын айта кету керек. Рейтингтегі бірінші нөмір - америкалық Джозеф Бенавидес (28-7), ал чемпион - бразилиялық Дэвесон Фигейредо (20-1), ол бір күн бұрын белбеуін сәтті қорғады.

Еске сала кетелік, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы кездесуін маусым айында өткізді, бірақ қазақстандық өзінің мансабын жеңілістен бастады. БАӘ-де өткен турнирде ол бразилиялық жекпе-жек шебері Раулиан Пайваден жеңілп қалды (20-3).

Албазиге қарсы жекпе-жек 29 қарашада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер