ҚПЛ: Қазан айының үздіктері анықталды

ҚПЛ: Қазан айының үздіктері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қазан айының қорытындысы бойынша ел чемпионатының үздіктерін анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Үздіктер Премьер-лига командалары бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды.

Үздік ойыншы

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Қыркүйек айының үздігі болып шымкенттік «Ордабасы» командасының легионері Жоао Пауло атанды. Ол 20 ұпай жинады.

Аталмыш жүлдені бразилиялық ойыншы екінші рет қатарынан жеңіп отыр.

Үздік бапкер

Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді таңдады.

Сауалнама нәтижесі бойынша қазан айының ең үздік бас бапкері болып 100% көрсеткішпен Алексей Шпилевский атанды.

Өткен айда Шпилевскийдің командасы 5 кездесуде жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті.

Естеріңізге сала кетейік, беларусь маманы аталмыш номинацияда қыркүйек айында да жеңіске жеткен болатын.

Үздік гол

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Шараға барлығы 1 332 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша үздік гол болып OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Жетісу» – «Қайсар» (15-тур) кездесуінде соғылған Элвин Фортестің тамаша соққысы атанды. Қызылордалық команданың ойыншысының голына 494 (37,07 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер