Данияр Елеусіновтің алғашқы титулдық жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Данияр Елеусіновтің алғашқы титулдық жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

28 қараша күні таңертең қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Голливудтағы (АҚШ) бокс кешінде намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жек өткізеді. Боксшылар IBF Inter-Continental жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге таласады. Қазақстанда бұл жекпе-жекті Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция елорда уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, бесінші раундта америкалық Алан Санчесті техникалық нокаутпен жеңген (20-5-1, 10 КО) болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или