Live
Спорттағы коронавирус
ММА

 Хабиб Нурмагомедов мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты

 Хабиб Нурмагомедов мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та өткізген жанкүйерлерімен кездесуде мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

«UFC менің жұдырықтасқанымды қалайды. Өйткені көп табыс, көп қаралым әкеледі. Қызығушылық бар жерде, ақша да болады. Мұндай әңгіме әлі талай айтылады. Әр жекпе-жегімнен соң бірден қашан келесі айқасым болатынын сұрайтын. Бәрі тойдың жалғасы болғанын қалайды. Бірақ мен жұдырықтасатын жоспарым жоқ.

Бір жекпе-жекке шығармын, сосын артынан бірден жеңіс сериясы бар қарсыласы шыға келеді. Олар жұлдыз жасауды біледі. Шегі жоқ. 45 жасқа дейін де жұдырықтасуға болады, бірақ әркімнің алдына қойған мақсаты бар. Мен мақсатыма жеттім. Енді спорт тұрғысынан алып қарағанда ешқандай қызығушылық қалмады. Кіммен жұдырықтасамын? Нағыз танымал кезімде қомақты табыс түсіруге болар еді. Бірақ мен ақшаны басқа жақтан да таба аламын», - деді спортшы.

 

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0