Гвардиола: Мессидің ойында не бар екенін білмеймін
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола «Барселонаның» капитаны Лионель Мессидің командасынан кетуі жайлы пікір білдірді.
«Лионель Месси – «Барселонаның» ойыншысы. Оның ойында не бар екенін білмеймін. Леоның мансабын сол жақта аяқтауын қалайтыным жайлы көп сөйлескенбіз», – деді Гвардиола.
Биыл жазда Лионель Месси мен каталондық клубтың басшылығы арасында кикілжің болып, аргентиналық футболшы команда ауыстырғысы келетіні туралы ақпарат шыққан.