2021 жылы хоккейден қандай турнирлер өткізілмейді

2021 жылы хоккейден қандай турнирлер өткізілмейді

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2020/2021 жылға жоспарланған бірқатар жарыстардың өткізілмейтінін хабарлады деп жазады Prosports.kz. 

Жоспардағы жарыстардың өткізілмеуіне коронавирус індеті себеп болып отыр. 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 шілдесі аралығында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионаты мен жастар арасындағы және әйелдер арасындағы әлем біріншілігі және 18 жастан кіші спортшыларға арналған әлемдік додадан басқа жарыстар ұйымдастырылмайды. Яғни, тек ТОП-дивизондағы әлемдік бәсекелерді ғана тамашалай аламыз. Сондай-ақ, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирлері де кейінге шегерілді. Жалпы алғанда, IIHF ғаламдық пандемияға байланысты 28 турнирді өткізбейді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или