Серік Теміржанов: Ел біріншілігі алдында дайындықты үдете түстік
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері ел біріншілігіне қызу дайындалып жатыр. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын ұлттық құрама мүшесі Серік Теміржанов Olympic.kz сайтына Қазақстан чемпионатына дайындығы туралы айтып берді.
"Қазір Қазақстан чемпионатына байланысты соңғы жаттығуымызды өткізіп жатырмыз. Ел біріншілігіне кіл мықтылар қатысып, қарсыластардың осалы болмайлы. Барлық қарсыласқа бірдей бапкермен бірге дайындалып жатырмыз. Мақсат - Қазақстан чемпионы болу.
Қазір әлемде болып жатқан жағдайға байланысты біз ұзақ уақыт рингке шықпадық. Десе де, ертең ел чемпионатында мұның кері әсері болмайды деп ойлаймыз. Себебі, біз ештеңеге қарамастан жаттығуды жалғастырып, тұрақты түрде "спарринг" ұйымдастырып отырдық", - дейді боксшы Серік Теміржанов.
Айта кетерлігі, бокстан Қазақстан чемпионаты 23-29 қараша күндері Шымкент қаласында өтеді.
Серік Теміржанов ел біріншілігіне қатысатын үздік спортшылар қатарында. Оның еншісінде Токио Олимпиадасының жолдамасы бар.