Дмитрий Чурсин: Біздің спортшының күміс медаль алатын мүмкіндігі болды
Перудің Лима қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлнұр Ыбырай қола жүлде иеленген болатын. Осы орайда, команданың аға жаттықтырушысы Дмитрий Чурсин өз шәкіртінің аяқ алысына баға берді.
<span>«Бәсеке өте тартысты өтті. Әсіресе, Гүлнұрдың басты қарсыластары – Мексика және Колумбия спортшыларымен ең соңына дейін теке тірестік. Біздің спортшымыз бар күшін салды, алдына қойған міндетті 100 пайыз орындады.</span>
<span>Күміс жүлде алу үшін сәл ғана жетпей қалғаны өкінішті. Бірақ мұның өзі үлкен жетістік. Гүлнұр Ыбырай өте талантты спортшы және жақын арада оның тек алтыннан алқа тағатынына сенімдімін», - дейді жаттықтырушы Чурсин. </span>
<span>Айта кетелік, Қазақстан командасының еншісінде екі жүлде бар. Алғашқы жарыс күнінде Абылай Әуелхан алтын жүлдегер атанса, кейін Гүлнұр Ыбырай қолаға қол созды. </span>