Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында үздік төрттікке енді

Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында үздік төрттікке енді

Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогы жалғасып жатыр.

<span>Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз. </span>

<span> Жарыстың үшінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Бұл сында Қазақстан атынан Мейрамбек Әбдіхалық өнер көрсеткен.  </span>

<span>Турнир қорытындысы бойынша Мейрамбек төртінші орынға табан тіреді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (123+152) келіні бағындырған.  </span>

<span>Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында жалғыз алтын бар. Бірінші жарыс күнінде Абылай Әуелханов топ жарған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или