Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында үздік төрттікке енді
Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогы жалғасып жатыр.
Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз.
Жарыстың үшінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Бұл сында Қазақстан атынан Мейрамбек Әбдіхалық өнер көрсеткен.
Турнир қорытындысы бойынша Мейрамбек төртінші орынға табан тіреді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (123+152) келіні бағындырған.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында жалғыз алтын бар. Бірінші жарыс күнінде Абылай Әуелханов топ жарған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или