ММА

Хабиб Нурмагомедов кәсіби мансабында қанша табыс тапты

news-banner7
mobile-news-top

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жектен кәсіби мансабында қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Eurosport-қа сілтеме жасап.

Ресейлік файтер 2018 жылы аса танымал тұлғаға айналды, мұны оның сыйақыларынан-ақ байқауға болатын еді. Forbes журналының хабарлауынша, Хабиб 2018 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 31 мамырына дейін 11,5 миллион доллар тапқан. Келесі кезеңде - 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 2020 жылғы 31 мамырға дейін - Хабиб дәл осындай мөлшерде табыс тапты. Нурмагомедовтың бүкіл мансабындағы жалпы табысы шамамен 30 миллион долларды құрайды.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді (22-3) жеңгеннен кейін спортпен біржола қош айтысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер