Ғұсман Қырғызбаев: Олимпиадалық маусымда жоғары нәтиже көрсетуге тырысамын

Ғұсман Қырғызбаев: Олимпиадалық маусымда жоғары нәтиже көрсетуге тырысамын

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылар рейтінгін жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша Бәдапешттте өткен Grand Slam жарысының қатысушысы Ғұсман Қырғызбаев үздік ондыққа енген. Әлем үздіктері қатарынан табылған Ғұсман ҰОК сайтына рейтингке қатысты пікірін білдірді. 

– Әлемдік рейтингте үздіктер қатарынан табылып, ондыққа енгеніме шын қуаныштымын. Бұл орынмен шектеліп қалмаймын. Әрі қарай еңбектеніп, жаттығу жасап жұмысты жалғастырамыз. Пандемияға байланысты биылғы маусымда әлемдік жарыстар өте аз болды.

Енді алдағы Олимпиадалық маусымда барынша жоғары нәтиже көрсетіп, Олимпиадалық рейтингте ұпайды түгелдеуге тырысамын. Өз кезегінде қолдау білдіріп отырған барша жанкүйерге шексіз алғысымды білдіремін, - дейді дзюдошы Ғұсман. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или