Волейболдан Қазақстан кубогының иегерлері анықталды

Волейболдан Қазақстан кубогының иегерлері анықталды

Волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды.

<span> Әйелдер арасындағы бәсеке Тараз қаласында өтті. Бір аптаға созылған тартысты додаға барлығы сегіз команда қатысты. Нәтижесінде, өскемендік "Алтай" Қазақстан кубогының иегері атанды.</span>

<span> Талдықорғандық "Жетісу" екінші орыннан көрінсе, оңтүстік астаналық "Алматы" волейбол командасы үшінші орынға жайғасты. Ал ерлер арасындағы ел үздіктері Өскемен қаласында анықталды.</span>

<span> Сегіз команда ішінде "Атырау" волейбол командасы көшг бастады. Көкшетаулық "Ұшқын-Көкшетау" екінші орынға жайғасса, өскемендік "Алтай" үздік үштікті қорытындылады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или