«Тараз» волейболдан Қазақстан кубогында 7-орын алды

Таразда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының 7-орыны үшін өткен кездесу аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында «Тараз» бен өскемендік «Алтай-2» кездескен. Ойын 3:2 (21:25, 25:23, 25:10, 23:25), 15:5) есебімен жергілікті команданың пайдасына шешілді.
Осылайша, «Тараз» ел кубогында 7-орынға ие болды, ал «Алтайдың» екінші командасы 8-орынға табан тіреді.
29 қазанда тағы үш матч өтеді:
13:30. 5-орын үшін матч. «Ертіс» (Павлодар) - «Қарағанды»
16:00. 3-орын үшін матч. «Қуаныш» (СҚО) - «Алматы»
18:30. Финал. «Жетісу» (Алматы облысы) - «Алтай» (Өскемен)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или