Командалық

Баскетбол: «Астана» Қазақстан чемпионатында «Каспийді» ұтты

Баскетбол: «Астана» Қазақстан чемпионатында «Каспийді» ұтты

Ұлттық лигасының ерлер командалары арасындағы баскетболдан Қазақстан чемпионатында кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еліміздің қазіргі чемпионы «Астана» Ақтаудың «Каспийін» 99:44 (21:11, 20:10, 29:14, 29: 9) есебімен жеңді.

Тағы бір ойында «Ақтөбе» атыраулық «Барсқа» 77:109 (19:28, 12:32, 23:26, 23:23) есебімен есе жіберді.

30 қазанда Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы баскетболдан Қазақстан чемпионаты Ақтауда «Каспий» - «Алматы легионы» матчымен жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0