Grand Slam: Дзюдошы Севара Нишанбаева жарысты сәтсіз бастады
Бүгін, 23 қазан күні Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы басталды.
Жарыстың бірінгі күнінде татамиге шыққан Севара Нишанбаева алғашқы айналымда-ақ қарсыласына жол берді. 57 келіге дейінгі салмақта белдескен ол украиналық Мария Скорадан жеңіліп қалды.
Айта кетерлігі, Будапешттегі Grand Slam турнирі дзюдошылар үшін ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы дода. Аталған бәсекеге ел құрамасынан 10 татами шебері қатысады. Лицензиялық турнир 25 қазанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или