Ломаченко: Төрешілердің шешімімен келіспеймін

Ломаченко: Төрешілердің шешімімен келіспеймін

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ)<span> өткен бокс кешінде а</span>мерикалық Теофимо Лопес украиналық Василий Ломаченконы төрешілердің шешімімен жеңді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Осылайша 23 жастағы Лопес<span> </span>жеңіл салмақта әлемнің абсолютты чемпионы атанды. Үш төреші де Лопесті жеңімпаз деп таныды - 116:112, 119:109, 117:111.

Жекпе-жектен кейін украиналық боксшы сұхбат беріп, төрешілердің шешімімен келіспейтінін айтты.

«Шынымды айтсам, мен жекпе-жектің тең жартысы жеңдім деп ойладым. Мүмкін ол алғашқы 1-2 раундта жеңіске жеткен шығар, бірақ кездесудің екінші жартысында мен басым болдым. Негізі жекпе-жектің екінші жартысын жеңдім деп ойлаймын. Үйге барғаннан кейін жекпе-жекті қайта қарап шыққым келеді, бірақ бұл шешіммен келіспеймін.

Мен жеңіске жетем деп ойладым, бірақ нәтиже басқаша болды. Бірақ қазір дауласқым келмейді. Промоутеріммен және менеджеріммен сөйлесемін. Біз бәрін талқылап, әрі қарай не істейтінімізді шешеміз», - деді Ломаченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или