Хоккей

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Мәскеудің «Спартак» командасымен кездеседі.

Кездесу елорда уақытымен сағат 22.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 22 мәрте кездесті. Оның 15-і «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Командалар соңғы мәрте 2019 жылдың 22 желтоқсанында кездесті. Аталған ойында «Спартак» 3:1 есебімен басым түсті. Елордалық клуб соңғы рет оларды Мәскеуде 2019 жылдың 3 қаңтарында 3:2 есебімен жеңген болатын.

Биылғы маусымда «Барыс» он кездесу өткізді. Оның төртеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер