«Астана» «Цмоки-Минскіге» есе жіберді

«Астананың» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасында өз алаңында аутсайдер командалардың бірі «Цмоки-Минскіні» жеңе алмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесудің алғашқы минуттарында астаналықтардың ойыны жүрмеді, нәтижесінде қонақтар үзіліске 28:20 басымдығымен кетті. Алайда екінші кезеңде Александр Трифунович шәкірттері басымдықты өз қолдарына алып есеп айырмасын үш ұпайға дейін қысқарта алды. Үлкен үзілістен кейін астаналықтар бар күшін салғанымен, ақтық сирена естілгенше жеңісті жұлып әкете алмады – 84:85.

«Цмоки-Минск» ойыншыларының қуанышында шек болмады, себебі олар маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

«Астана» (Астана) – «Цмоки-Минск» (Минск) 84:85 (20:28, 20:15, 19:18, 25:24)

«Астана»: Джонсон (19), Кэйнер-Мэдли (18), Махалбашич (14), Браун (13), Калатес (9), Андрич (6), Ильин (3), Колесников (2).

«Цмоки-Минск»: Мараш (18), Миркович (15), Кудрявцев (13), Пастухов (12), Лашкевич (10), Баррелл (10), Фримен (6), Ульянко (1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или