Хабиб Гэтжиден кейін кіммен кездеседі?

Хабиб Гэтжиден кейін кіммен кездеседі?

UFC президенті Дана Уайт Sports Illustrated басылымына берген сұхбатында ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңсе кіммен жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«</span>Егер Хабиб Гэтжиді жеңсе, онда Тони Фергюсонмен жекпе-жек болады, бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Хабибпен бұл жекпе-жек өтеді деп үміттенемін, өйткені мен адамдар оны көргісі келетінін білемін. Бұл кездесу сияқты бірнеше рет өтпей қалған жекпе-жек жоқ шығар. Шынымды айтсам, бұл жекпе-жекті ұйымдастырудан қорқамын. Бұл жолы не болады? Жерге астероид түсе ме?<span>»</span>, - деді Уайт.

Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы жекпе-жек 24 қазанда Әбу-Дабидегі <span>«</span>Жекпе-жек аралында<span>»</span> өтеді. 

Ал Хабиб пен Фергюсон арасындағы жекпе-жек бұған дейін бес рет өтпей қалған. Соңғы рет кездесу коронавирус салдарынан 2020 жылдың наурызында шегерілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или